Аймақтар • 30 Тамыз, 2021

Жамбыл облысында 180 отбасы баспаналы болды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция күніне орай Тараз қаласындағы 15 ықшамауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп жазады Egemen.kz.

Жамбыл облысында 180 отбасы баспаналы болды
 

Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, пәтер кілттерін тапсырды.

«Бүгін баршамыз мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституция күні қарсаңында қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі. Біздің басты мақсатымыздың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында барлығы 50 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі», деді өңір басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Кеше