Білім • 29 Тамыз, 2021

Ата-аналар дәстүрлі форматта оқуды қолдай ма?

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 6-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының  ата-аналары және қамқоршыларына телефон арқылы сауалнама жүргізді, деп жазады Egemen.kz.

Ата-аналар дәстүрлі форматта оқуды қолдай ма?

Сауалнамаға тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында еліміздің барлық аймақтарынан, 14 облыс пен республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттен 1200 респондент қатысты.

Сауалнаманың негізгі нәтижесінде мына жайттар анықталды.

Ата-аналардың көпшілігі оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыруды жөн көреді, офлайн форматқа қайтып көшу үшін ата-аналар білім ордасында санитарлық талаптарды толыққанды сақтауға дайын.

Ата-аналардың 2/3 бөлігінен астамы мектеп ғимаратына "Ашық" қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайды.

Екпенің түрін таңдауды ұсынған жағдайда сауалнамаға жауап берген ата-аналардың 19,6% өз баласына екпе салдыруға дайын.

Балаларға екпе салудан бас тартудың негізгі себептерінің бірі - балаларда сәтті сынақтан өткен екпенің болмауы.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50