Қоғам • 19 Тамыз, 2021

«Биржадан ақшаны көбейтіп беремін»: Шымкентте алаяқ ұсталды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте «биржадан ақшаны көбейтіп беремін» деп, өзгенің ақшасын иемденіп кеткен күдікті ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

«Биржадан ақшаны көбейтіп беремін»: Шымкентте алаяқ ұсталды

2021 жылдың 17 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Айтуынша, белгісіз азамат WhatsApp желісі арқылы «биржадан ақшаны көбейтіп беремін» деп, 70 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

«Ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып, тексеру жүргізіліп жатыр», деп жазады Polisia.kz.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15