Спорт • 12 Тамыз, 2021

UEFA Еуропа лигасы: «Қайрат» «Алашкертке» есе жіберді

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

UEFA Еуропа лигасы: «Қайрат» «Алашкертке» есе жіберді

Екі команда арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған болатын.

Бүгінгі ойынның бірінші кезеңінде екі команда бір-бірден гол соқты. Алдымен «Алашкерт» ойыншысы Жозе Эмбало 43-минутта есеп ашса, оған қазақстандық Айбол Әбікен 45-минутта бір голмен жауап қайырды.

Екінші кезеңде Жозе Эмбало 50-минутта тағы бір голдың авторы атанды. Ал 61-минутта «Қайраттың» шабуылшысы Артур Шушеначев таразы басын теңестіре алды.

Ойын овертаймға ұласты. Овертаймның 103-минутында армениялық клубтан Александар Глишич командасын алға шығарды. Осылайша «Қайрат» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Енді қазақстандық клуб Конференция лигасы плей-офф сатысында сынға түсетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15