Аймақтар • 12 Тамыз, 2021

Қызылордада басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Қызылорда облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы жеке кәсіпкерден объектіні кедергісіз қабылдап оған тиесілі қаржыны уақытылы аударып беру үшін 1 млн теңге көлемінде пара алу дерегімен күдікке ілінді.

Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Басқа ақпараттар тергеу құпиялылығына байланысты жасырын сақталады.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15