Үкімет • 24 Шілде, 2021

Асқар Мамин Тәжікстан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Асқар Мамин Тәжікстан Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Үкімет басшылары сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, транзиттік-көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Қос тарап Тәжікстан Республикасы биылғы 24 шілдеден бастап Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан тараптары 2021 жылғы 16 маусымда қол қойған хаттамада келісілген көлемдерден артық 50 м³/с шығынмен «Бахри Точик» су қоймасынан Қазақстан Республикасына қосымша су жіберуді бастайды деп уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10

Мұқағалидың батасы

Тұлға • Бүгін, 09:05

Құнарлы өнімге сұраныс жоғары

Экономика • Бүгін, 08:55

Автобус паркі жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 08:48