Аймақтар • 19 Шілде, 2021

Өскеменде есірткіге масайған жүргізуші ұсталды

460 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде жүргізуші есірткіге мас болып, көлік айдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Өскеменде есірткіге масайған жүргізуші ұсталды

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері тексеру барысында 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен ВАЗ-21124 автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, ер адам каннабиоидты есірткіге мас болған.

Факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі «есірткіден масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол жеті жыл мерзіміне көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Сондай-ақ жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15