Оқиға • 18 Маусым, 2021

Баласын қараусыз қалдырған ана жазаланды

1190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Успен ауданында полицейлер «Тұрмыс»  жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-ананы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Баласын қараусыз қалдырған ана жазаланды

- Қоңырөзек ауылының тұрғыны 15 жасар баласын үйде қалдырып, өзі Успен  ауылына кеткені және ол жерде таныстарымен бірге спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Ата-анасы екі апта болмаған кезде бала қаңғып жүрген. Аталған фактіні учаскелік инспектор анықтады, - деді аудандық полиция бастығының бірінші орынбасары Әсет Садықов.

Полицейлер  баласын қараусыз қалдырған әйелді тауып, ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұдан басқа, енді отбасы қолайсыз ретінде профилактикалық есепке қойылды. 

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50