Оқиға • 26 Мамыр, 2021

Атырау облысында жасөспірім суға кетті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 мамыр күні Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Шарон өзеніне жасөспірім батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жасөспірім суға кетті

Белгілі болғандай, бір топ жасөспірім өзеннің жағасына ойнауға барған. Өзенге шомылғандардың ішінде 7-сыныпты бітірген жасөспірім судан шықпай қалған. 

«Бұл туралы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне кешкі сағат 19:45-те хабар түсті. Сүңгуірлер облыс орталығынан шақыртылды. Сүңгуірлер келгенге дейін жергілікті тұрғындар мен балықшылар, полиция мен төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері іздестіру жүргізді. Түнгі 23:00-де іздеу жұмысы тоқтатылды. Бірақ, суға батқан жасөспірімнің туыстары іздестіруді жалғастырды. Олар 26 мамырда сағат 00:30-да өзеннен жасөспірімнің денесін алып шықты», деді Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Талғат Сансызбаев.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37