Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

СІМ басшысы Румыния елшісін қабылдады

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Румынияның елшісі Чезар-Маноле Армянумен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

СІМ басшысы Румыния елшісін қабылдады

М.Тілеуберді қазақстандық-румын ынтымақтастығының қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалап, Қазақстанның екіжақты негізде де, халықаралық аренада да өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға ниетін білдірді.

Румын елшісіне Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы берілді.

Румынияның елшісі Қазақстандағы миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50