Аймақтар • 05 Сәуір, 2021

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды

3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің Tayota Camry 50 маркалы көлігімен Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатып, жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кетеді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыптылар және біреуі жасөспірім. Көліктің жүргізушісі алған дене жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол қаза болған ерлі-зайыптылардың күйеу баласы.

Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК -нің 345-бабымен тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37