Аймақтар • 13 Наурыз, 2021

Алматы қаласында әуе рейстері бөгеліп жатыр

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағандықтан, рейстердің ұшу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы қаласында әуе рейстері бөгеліп жатыр

Ұшу кестесіндегі Алматыдан Ақтауға, Нұр-Сұлтанға, Көкшетау мен Оралға жүретін рейстер бөгелген. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Орын алған оқиғаға байланысты ұшу кестесінде аздаған өзгерістер бар», деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған», деді әуежайдың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18