Спорт • 28 Ақпан, 2021

«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексика боксшысы Сауль Альварес пен түрік спортшысы Авни Йылдырымның титулдық жекпе-жек үшін алған сомасы аталды.

«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Йылдырымның небәрі үш раундқа созылған жекпе-жек үшін алған гонорары 2,5 миллион долларды құраған. «Канело» болса, «сегіз таңбалы соманы» алған. Кейбір шетелдік БАҚ гонорар цифрын де атады, бұл 30 миллионға жуық доллар.

Еске сала кетсек, Альврес Йылдырыммен айқаста WBA Super және WBC нұсқалары бойынша суперорта салмақта әлем чемпионы титулдарын сәтті қорғап шықты. Мексикалық боксшы келесі жекпе-жегін 8 мамырда өткізеді – онда ол британдық боксшы Билли Джо Сандерспен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар

Голан жотасындағы миссия

Айбын • Бүгін, 18:00

Дрон дәуірінің дидары

Айбын • Бүгін, 17:20

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15