Спорт • 18 Қаңтар, 2021

Бокстан ел біріншілігі басталды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы республикалық спорт колледжінің спорт кешенінде бокстан жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің жалауы желбіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан ел біріншілігі басталды

Республикамыздың әр өңірінен жиналған дарынды жастар бірнеше күн бойы жұдырықтасып, 46 кило, 49 кило, 52 кило, 56 кило, 60 кило, 64 кило, 69 кило, 75 кило, 81 кило, 91 кило және +91 кило салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салады. Бұл жарысты Қазақстан бокс федерациясы, Алматы қалалық спорт басқарамасы және қалалық бокс федерациясы ұйымдастырып отыр.

Алматыдағы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша биылғы жылы өтетін халықаралық додаларда Қазақстанның намысын қорғайтын жастар іріктелініп алынады. Сол жарыстардың арасындағы ең ірісі – 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельц қаласында өтетін әлем біріншілігі. 

Соңғы жаңалықтар

Кітап апталығы басталды

Руханият • Бүгін, 09:25

500 команда білім жарыстырды

Қоғам • Бүгін, 09:22

Бостандық жолы бұралаң...

Әдебиет • Бүгін, 09:20

Он мың ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18

Бибісараның тағы бір белесі

Шахмат • Бүгін, 09:15