Аймақтар • 18 Қаңтар, 2021

Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында телемұнараға шығып, қайта түсе алмай қалған жігіт құтқарылды. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады. 

Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіттің Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен.

«Телемұнараға үш құтқарушы шығып, жігітті 116 метр биіктіктен төменге түсірді», – дейді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Кітап апталығы басталды

Руханият • Бүгін, 09:25

500 команда білім жарыстырды

Қоғам • Бүгін, 09:22

Бостандық жолы бұралаң...

Әдебиет • Бүгін, 09:20

Он мың ағаш егілді

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:18

Бибісараның тағы бір белесі

Шахмат • Бүгін, 09:15