Аймақтар • 23 Шілде, 2020

Алматыда қаза мен кеселден пайда тапқандар жазасын ала бастады

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біз бұған дейін де пандемия кезінде халықтың қаралы қасіреті мен шарасыздығынан пайда табуға ұмтылғандар, қазір аса қат болып тұрған дәрі-дәрмектерді алыпсатумен айналысып жүргендер жайлы мәселе көтерген едік, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда қаза мен кеселден пайда тапқандар жазасын ала бастады

Бүгін осы мәселеге байланысты Алматы  әкімі төмендегідей мәлімдеме жасады.

Қала әкімінің айтуынша, полицияға зират қызметкерлерінің заңбұзушылығын айтып, 8 адам жүгінген. Зират қызметкерлері оларды бекітілген сомадан бөлек 70-80 мың теңге төлеуге мәжбүрлеген. Қазір осы іс бойынша 2 адам ұсталды. "Қалада медициналық заттар мен дәрі-дәрмек бағасын шарықтатқан алыпсатарлар ұсталды. Олар ең қажет бұйымдарды көтерме бағамен көп мөлшерде сатып алған. Сосын интернет арқылы хабарландыру берген. Қалалық полициямен біріге отырып, клиент ретінде хабарласып, кездесуден соң оларды әшкерелеумен айналыстық. Осылайша 8,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек тәркіледік", - деді әкім.

Заңсыз дәрі саудасының жолын кесу үшін полиция, экономикалық тергеу департаменті, тауарлар мен қыметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің мамандарынан мобильді топ құрылды. Бұл топ 100-ге жуық жуық құқықбұзушылықты анықтады. Оның 24-і бойынша қылмыстық іс қозғалды. 986 қаптама "Левоцин", "Ингавирин", "Фраксипарин", "Азитромицин", 8,5 млн медициналық маска тәркіленді. 39 адам әкімшілік жауапершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10