Аймақтар • 16 Шілде, 2020

Атырау облысында тағы 5 мың гектар алқап өртенді

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қызылқоға ауданының аумағында тағы да  дала өрті  тіркеліп отыр.

Атырау облысында тағы 5 мың гектар алқап өртенді

"Бұл – аталған ауданда тіркелген дала өртінің төртінші оқиғасы. Департаменттің диспетчерлік пультіне 14 шілдеде сағат 13:50-де  Миялы ауылынан 60 шақырым қашықта құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Осыған орай өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрамынан 7 қызметкер 1 техникамен оқиға орнына шұғыл жетті. Олар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелерінде 5 мың гектар аумақтың шөбі жанғанын анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жайылымдық шөпті шарпыған жалынды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен бірге, ерікті өрт сөндіру жасағынан 29 адам мен  11 техника тартылды. Өрт кеше 15 шілдеде сағат 01:55-те сөндірілген.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50