Қазақстан • 01 Маусым, 2020

Ауыл шаруашылығы министрі онлайн режимде халыққа есеп береді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 маусым күні Ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлының халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрі онлайн режимде халыққа есеп береді

Еліміздегі карантин режимін сақтау шараларына байланысты министрдің есеп беру іс-шарасы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында онлайн форматта өткізіледі.

Кездесу орталық коммуникациялық қызметінің Youtube каналы мен Facebook парақшасында және Министрліктің Facebook әлеуметтік желіcі арқылы тікелей эфирде жүргізіледі.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстар minagripress@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Есеп беру кездесуіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8 (7172) 55-57-65 телефон номеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20