Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Түркістан: Тарифтік бағалар төмендетілді

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезеңінде бірқатар сумен жабдықтайтын мекеме қызмет тарифтерін төмендеткенін хабарлады.

Түркістан: Тарифтік бағалар төмендетілді

Атап айтқанда, «Мақтаарал-Сервис» МКК-і сумен жабдықтау қызметінің тарифін – 1 текше метрге қосымша құн салығынсыз (ҚҚС) 41,82 теңгеден 39,73 теңгеге дейін, яғни 5%-ға төмендеткен. Ал «Теміржолсу Арыс» ЖШС-ы су тарифін 4%-ға арзандатыпты. «Уранэнерго» ЖШС-ы сумен жабдықтау қызметінің тарифін – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 58,84 теңгеден 52,96 теңгеге дейін немесе 10%-ға түсірген. «Түркістан-Су» МКК-і барлық тұтынушылар үшін тарифтерін төмендетіпті, нақтырақ айтсақ халықты сумен жабдықтау қызметі тарифі – 1 текше метрге ҚҚС-сыз 51,09 теңгеден 48,19 теңгеге дейін, яғни 5,7 %-ға, бюджеттік мекемелерді сумен жабдықтау қызметі тарифі –147,55 теңгеден 139,19 теңгеге дейін немесе 5,7% -ға арзандаған. Сондай-ақ «Энергопоток» ЖШС-і электрмен жабдықтау қызметі тарифін – 1 кВт/сағатына 13,86 теңгеден 13,44 теңгеге дейін немесе 3 %-ға төмендеткен.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58