Әлем • 24 Ақпан, 2020

Иран мен Түркия шекарасында 4,8 балдық жер сілкінісі болды

1 мин
оқу үшін

Кеше жергілікті уақытпен түнгі 23:44-те болған, зілзаланың магнитудасы 4,8 балды құрап отыр. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады. 

Иран мен Түркия шекарасында 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Түркия – Иран шекарасында бірінші жер сілкінісі кеше таңғы 08:52-де білінді. Зілзала ошағы Иранның Тебриз қаласынан батысқа қарай 141, Түркияның Өзалп қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде тіркелді. Зілзала салдарынан Түркияның Ван провинциясында 9 адам қаза тапты.

50-ден астам кісі жарақат алды. 4 елді мекен жермен-жексен болды. 250-ден астам тұрғын үй қирап, 700- ге жуық ғимаратқа зақым келді. Мамандар аймақта тағы да жер сілкініс тізбегі орын алуы мүмкін деп ескертіп отыр.


Соңғы жаңалықтар

Digital: дәуір дидары

Digital • Бүгін, 08:20

Әр операция – бір тағдыр

Маман • Бүгін, 08:15

Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?

Сараптама • Бүгін, 08:10

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07

Атына заты сай кәсіпорын

Өндіріс • Бүгін, 08:00