Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Ақтауда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық жедел штабымен Ақтау халықаралық әуежайында «Дабыл-Антитеррор-2019» жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Іс-шараның мақсаты - объектідегі террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, террористік іс-әрекетті анықтау және жолын кесу, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру, әлсіз орындарды анықтау, сондай-ақ объектідегі күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілердің басшылары мен қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру және мемлекеттік органдар құралдары күштерінің бірлескен іс-қимылдарын практикалық пысықтау.

Оқу-жаттығудың мақсаты мен міндеттері толық көлемде орындалды. Жұмылдырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.

 

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Қаһарманның қастерлі жолы

Өшпес даңқ • Бүгін, 15:30

Айғыржалдан аттанған арыстар

Өшпес даңқ • Бүгін, 14:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50