Осы мақсатта Шиелі ауданындағы техникалық колледждің 47 түлегі таңдалып алынған. Жыл соңында іске қосылатын зауытқа 260 адам тұрақты жұмысқа қабылданбақ. Оның 250-і – қазақстандық маман болады.
Қазақстан - Қытай біріккен кәсіпорнының өндірістік қуаты – жылына 1 млн тонна цемент өндіру. Жобаға 64 миллиард теңге инвестиция тартылған.
Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы тампонажды цемент зауытының құрылысы мерзімінен кешікпейтіндігін айтады.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»