Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Ка­тонқарағайдың аудандық ауруханасы жаңа құрылғы мен көлікке ие болды

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында шалғайдағы Ка­тонқарағайдың аудандық ауруханасы БҰҰ Даму бағдар­ламасының көмегімен жаңа құрылғы мен жаңа көлікке ие болды. 

Ка­тонқарағайдың аудандық ауруханасы жаңа құрылғы мен көлікке ие болды

Қанатқақты жобаға облыстағы үш емхана еніпті. «Біз бұған дейін емханада пайдаланылған шприцтерді Зырян ауданына апарып, арнайы пештерде жағатынбыз. Енді қолданылған шприцтерді бұрынғыдай өртемейміз. Арнайы қойылған құрылғыға салып, 134 градус температурада 40 минут бойы қыз­дырғаннан кейін олар тап-таза болып шығады. Мұндай құрылғыларды одан кейін де кәдеге жаратуға болады. Қазір тазаланып шыққан шприцтерді қабылдайтын жерлерді іздестіріп жатырмыз», дейді Үлкен Нарын ауылында орналасқан аудан­дық аурухананың бас дәрігері Сәуле Байгереева.

Жаңа үлгідегі италиялық құрылғы компьютермен бас­қарылады. Құрылғыны орнату үшін тиісті талап­тарға сай келетін арнайы бөлме әзір­ленген. Жоба менед­жерлері құрылғымен бірге бірнеше контейнер де берді. «Контейнерлер ғана емес, біздің емханаға осы контейнерлерді тиеп алып, ауыл-ауылды аралап, пайда­ланылған шприцтерді жинай­тын арнайы көлік тарту етті. Енді өзімізден бөлек басқа аудан­дарға да қызмет көрсетуге мүмкіндік бар», дейді бас дәрігер.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Болашаққа бағдарланған құжат

Реформа • Бүгін, 09:10