Қазақстан • 30 Мамыр, 2017

"Саламатты Қазақстан" пойызы үш мыңнан астам тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетті

406 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» медициналық пойыздары елімізді аралауын жалғастыруда.

"Саламатты Қазақстан" пойызы үш мыңнан астам тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетті

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы өз жұмысын 2017 жылдың 1 маусымынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Новоустькаменогорск станциясында жалғастыратын болады. 2017 жылғы 6 қарашаға дейінгі уақытта «Саламатты Қазақстан» дәрігерлері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы 97 станцияны қамтиды деп жоспарлануда.

Бүгін «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері қабылдауды Атырау облысының Нарын станциясынан бастап жалғастырады. Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 21 желтоқсанға дейінгі уақытта Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл, Алматы облыстарының 113 станциясын қамтиды деп жоспарлануда.

2010 жылы жұмысын бастаған медициналық пойыздар медициналық көмек дамымаған шағын станциялар мен жол айрықтарына жақын орналасқан елді мекендердің азаматтарына дәстүрлі түрде қызмет көрсетеді. Медициналық пойыздарда облыстық көлемдегі клиникалар деңгейіндегі жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі. Пойыздардағы медициналық қызметкерлер станциядан ондаған шақырым жерде төсек тартып жатқан пациенттерге қажетті медициналық көмек көрсетуге бірнеше рет шыққан.

Пойыздар барлық қажетті диагностикалық аппаратуралармен және ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» АҚ-ның 18-ден астам дәрігер мамандығы бойынша жоғары білікті медициналық кадрлармен жабыдықталған. Медициналық пойыздарда ТМД және алыс шет елдердің, республикамыздың жетекші ғылыми медициналық орталықтары on-line режимде шалғай елді мекендердегі науқастарды емдеу барысында кеңес беруге мүмкіндік беретін алғаш телемедициналық қондырғы, интернет және телефония арнасы орнатылды.

Диагностикалық тексерудің кешенді және шағын жүйесі күніне үш жүз адамға дейін жоғары «өткізу қабілетін» және диагностиканың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. 

Пойыздар станцияда болған уақыт ішінде қаралуға келген халыққа медициналық көмек тегін көрсетілетіні үлккен рөл атқарады. Ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілді көлем тізбесіне кірмейтін стамотологиялық көмек те тегін көрсетіледі.

2017 жылғы 12 сәуірден 29 мамырға дейінгі аралықтағы 47 күнде республикамыздың Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы 51 станцияның тұрғындары қаралды, 14 400 адам, оның ішінде 2 992 бала тексеруден өтті. Дәрігерге қаралған адамдардың саны 73 709-ды құрады. 63 216 диагностикалық емшара өткізіліп, 300 шағын амбулаториялық ота жасалды. 824 әйел адам маммологтарға қаралды. 3 709 тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетілді.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Мемлекет басшысының көлік медицинасын дамыту атты негізгі басымдықтарын іске асыру мақсатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол орталығы» АҚ-ның «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірігіп іске қосқан үш медициналық пойыздың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

2010 жылы «Денсаулық» пойызы «2010 жылғы №1 жылдың әлеуметтік жауапты жобасы» номинациясы бойынша «Жыл таңдауы - 2010» Ұлттық байқауында және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының жүлдегер атанып қоғамдық жоғары бағаға ие болды.

2010-2016 жылдар аралығында «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» үш консультативтік-диагностикалық пойызы 1 451 күн ішінде 151 054,5 шақырым жол жүріп, республикамыздағы барлық облыстар 1 074 станциясының тұрғындары қаралды.

304667 тұрғын, оның ішінде 72 600 бала пойыз мамандарының тексеруінен өтті. Дәрігерге қаралғандардың саны 2 027 722-ні құрады. 1 282 618 диагностикалық емшара өткізілді (278 414 ішкі ағзаны ультрадыбыстық зерттеу, 4 058 спирография, 56 862 миды электроэнцефалографиялық және ультра дыбыстық доплерографиялық зерттеулер, 105 968 электрокардиографиялық зерттеулер, 63 781 көз ішінің қан қысымын өлшеу, 70 356 рентгенологиялық зерттеулер, 20 733 эзофагогастродуоденоскопия, 682 446 клиникалық-биохимиялық талдамалар), 3 790 шағын амбулаториялық ота жасалды, 21 телемедициналық консультация берілді. 45774 әйел адам маммологтарға қаралды. 74761 тұрғынға стамотологиялық көмек көрсетілді.

Медициналық пойыздар жұмысының жоғары сапалы және қалыптасқан жүйесі адамның өзі біле бермейтін ауру түрін анықтауға мүмкіндік береді. 

«Денсаулық пойызы» жобасы шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарына сапалы медициналық көмектің жоғары стандарттарын жеткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Ерлік пен тарих

Тағзым • Кеше