Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазақстан алюминийі» АҚ Жаңа жыл мерекесі алдында ерекше шырша орнатты. Шырша жарқыраған шамдармен емес, компанияда еңбек ететін көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының, сондай-ақ, зауыт қамқорлығына алған Жаңабет, Үшқұлын ауылдары, облыс орталығындағы №4, №9 мектептер оқушыларының арман-тілектері жазылған хаттармен безендірілді.
Ал, 8 жасар Бекзат Аяз атадан ДЦП-ға шалдыққан інісі Мирхат үшін медициналық арнайы «жүгіру жолын» сұраған екен. Мирхаттың сауығып кетуіне осындай оңалту құралы қажет.
– Менің ұлым Аяз атаға сенеді. Ол Жаңа жыл мерекесін жақсы көреді. Осы мерекеде қандай да болсын сыйлықты асыға күтеді. Біздің қымбат сыйлықтар сатып алуға жағдайымыз келмейді, – дейді Бекзат пен Мирхаттың анасы Жанар. – Бекзат та мүмкіндігі шектеулі бала, оған 6 рет ота жасалды. Біздің Бекзат туған бауырының жүріп кетуін, онымен бірге ойнап, шана теуіп, жүгіруді армандайды. Ол: «Анашым, Мирхат жүруі үшін не қажет?» деп сұраған еді. Інісі үшін арнайы медициналық жүгіру құралы қажет екенін білгесін, осы құралды Аяз атадан сұрауға бел байлапты.
Бекзаттың арманын «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Арман Есенжолов орындады. Компания басшысы ауру балаға жүгіру құралын ғана емес, Бекзат армандаған ұялы телефонды да тарту етті.
Хат жолдағандар 5 пен 12 жас аралығындағы балалар болып шықты. Аяз атаға жолдаған хаттарында олар оқудағы табысы мен үлгілі тәртібі, биылғы жылы да ата-аналарын жетіс- тікпен қуанта беретінін жазыпты.
Жаңажылдық мұндай ғажайып іс-шараны жасауға «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Арман Есенжолов және құрылымдық бөлімшелер мен бөлімдер басшылары бастама жасады. Сөйтіп, балалардың «арман-тілектері» жазылған хаттар бір апта бойы қабылданды. Бөлімшелер сыйлықтар әзірледі.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР

Қазақстанның спорт қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдауда біртұтас ұстанымын білдірді
Ата заң • Бүгін, 21:28
Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:40
Пәкістан астанасындағы мешітте жарылыс болып, 31 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:50
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
Алматыда Конституцияға енгізілетін түзетулерге қолдау білдірілді
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға • Бүгін, 17:19
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Қазақстан қоғамдық даму институты жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді
Ата заң • Бүгін, 16:58