Мұнда мектеп оқушылары мен болашақ педагогтарға инновациялық технологияларды зерделеуге арналған сабақтар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
«Педагог – өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман болуы керек. XXI ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Бүгінде әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің жаңашыл ұстаздардың қолына тапсырылып отыр. Білікті ұстаз дайындау – мемлекет дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурс екендігін баса айтқым келеді. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Орталық осы міндеттерді негізге ала отырып қызмет етеді», – деді институт ректоры Дария Қожамжарова.
Мұнда ғылыми-зерттеу жұмыстары, оқу-әдістемелік жұмыстары және тәжірибе-эксперименттік жұмыстары бағыттары бойынша жұмыс атқарылмақ. Педагогикалық шеберлік орталығы Жалпы педагогика және психология кафедрасының ұйытқы болуымен ашылып отыр.