Қазақстан • 05 Сәуір, 2017

Ахметжан Есімов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысымен кездесті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​ЭКСПО-2017 ұйымдастырушысының кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Рашид Әлімовпен кездесуі өтті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ахметжан Есімов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысымен кездесті

Тараптар Халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындықты, сондай-ақ Қазақстан астанасында ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылу күнінде өз жұмысын бастайтын ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының Саммитін талқылады. 

"ШЫҰ-ның бұл Саммиті тарихи оқиға болмақ. Басты ерекшелік дәл сол 9 маусымның кешінде біз Астанада өзге, бұдан да мықты ұйымды қабылдайтын боламыз", - деп атап көрсетті ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Әлімов. 

Р. Әлімов өз сөзінде ШЫҰ  үшін өз павильоны арқылы ұйымның қоршаған ортаны жақсартудағы үлесі мен экологиялық бағдарламаларды қолдап отырғанын көрсету өте маңызды екенін айтты. ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында ШЫҰ Қытайда Көрме және өз павильонының тұсаукесерін өткізбекші. 

Айта кетейік, маусымның 10 мен қыркүйектің 10 арасында Астана қаласында 5 миллион келушілері күтілетін Халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.


Соңғы жаңалықтар

Астана қаласының прокуроры ауысты

Тағайындау • Бүгін, 11:35