Аталмыш турнирде Қазақстан, Грекия, Польша, Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінің сегізбұрышта сұрыпталған жекпе-жек шеберлері өнер көрсетпек. Турнирді «Хабар» (Қазақстан), «БОКС tv» (Ресей) телеарналары тікелей тарататын болады.
«Алаш айбары» Халықаралық турнирі 1 сәуірде сегізбұрышта «нағыз майданды» көруге шақырады. Қазақстандық жеңілмеген жартылай ауыр салмақ иесі (93кг) Асылжан Бақытжанұлы (3-0) ресейлік Алексей Кисерға қарсы тұрады. Тағы бір жеңімпаз отандасымыз (93 кг) Евгений Егембердиев (7-0) Ресей азаматы Олег Гренчукпен айқасады. Жекпе жектің әккісі Ержан Естановтың қарсыласы Беларусьтің жұдырықты жігіті Сергей Синкеевич. Қазақтың қайсар ұланы (57 кг) Шыңғыс Қайранов пен украиналық Алексей Наумовпен күш сынасады. Шынайы төбелестің бірі GRAND PRIX KAZAKHSTAN жобасының финалында, «Alash Pride FC» тұжырымының чемпиондық белбеуін сарапқа салатын Ильяр Асханов пен Жасұлан Қарақұлов арасында өтпекші. Сегізбұрыштағы «шоуға» шын құштарлар үшін басты жекпе жектер Ерлан Тілеуімбетов (70 кг) – Якуб (Польша), (66 кг) Игорь Жирков- Ратмир Теуважуков (Ресей) арасында өтеді деп күтілуде.
«Алаш айбары» турниріне қатысушылардың тізімі:
70 кг - Ерлан Тілеуімбетов – Luciano Palhano (Бразилия);
93кг - Евгений Егембердиев - Олег Гренчук (Ресей);
93 кг - Асылжан Бақытжанұлы - Алексей Кисер (Ресей);
70 кг - Сүлеймен Исаев - Клаудио Векани (Грекия);
66 кг - Игорь Жирков - Ратмир Теуважуков (Ресей);
57 кг - Асу Алмабаев - Мехман (Әзербайжан);
57 кг - Шыңғыс Қайранов - Алексей Наумов (Украина);
57 кг - Бақтияр Несіпбек - Фарид Бабазаде (Әзербайжан);
61 кг - Ілияр Асханов – Жасұлан Қарақұлов – финал;
73 кг - Жандос Исабеков – Биреу Биреу (Қырғызстан);
68 кг - Мұрат Бақторазов - Қанат Құламағамбетов
Айнаш Есали,
«Егемен Қазақстан»