31 Наурыз, 2017

«Ежелгі Отырар» тарихтан сыр шертеді

670 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көне Отырар маңында су жүйелері тартылып жат­қан. Ерте көктемнің диқан біт­кен­ді әбігерге салаты­ны бар. Арық арналарын қал­пына кел­тіру де көп ең­бек­ті талап ете­ді.

«Ежелгі Отырар» тарихтан сыр шертеді

Құл­­­шы­на кі­ріскен істі аз уа­қыт­қа кі­дір­те тұруға тура кел­­ді, оған тосын бір жайт себеп болды. Сол маңайда жүр­ген­­дер бәрі алғашқыда не еке­­­ніне түсінбей таңырқай қа­­­рас­ты. Алдымен аңғарған тра­к­­торшы жігіт бұл құпиясы мол заттың тегін емес еке­нін білген, сосын пі­шіні бө­­лектеу құмыраны ақы­рын ұс­тай бергенде быт-шы­ты шы­­ғып бөлініп кетті. Бө­лін­ген­де де үгітіле сынып шашылды да қалды.

Арық қазып жүргенде кезіккен жұмбақ құмыраның биік­тігі 30-35 сантиметр­дей еді. Бүйіріне иі­ліп жасалған ұстағышы да өзгешелеу болатын. Ол құ­мы­р­аны алғаш кезіктірген кі­­сі доғалдау ернеуіне қарай қол соза бергені сол, үгітіліп бө­­лініп түскені несі? Үгі­тіле сын­ған құмырадан сау ете тө­гілген зат жүгіре жи­нал­ған­дардың көздерін қ­а­рықт­ыр­ды. Іле, тосыннан табылған қа­­зы­на қоймаға археологтар да жетті. Қазба кезінде жай-күйі бірсін-бірсін анықталып ке­ле жатты: одан табылған ке­рамика сынықтары Шығыс Оты­рарда орналасқан, ХІІ-ХІІІ ғасыр құрылыстары то­бына жататын өркениет ор­талықтарымен тығыз бай­ланыста болғанын аң­ғар­тады.

«Ол тұста жұрт арықтың суды обуын қоймаған же­рі­нен бұрып әкетуге мәж­бүр болған еді, – дейді бір ес­­телігінде Өзбекәлі Жә­ні­бе­ков. – Кейіннен ес білген шақ­та сол су обқан жерін та­лай іздеп бардым, таба ал­мадым...». Бала кезінде Оты­рар­­ төбеге жақын қазылған Та­лап­ты арығымен су жі­бер­генде бір қалтарыста арық­тың ұлтаны опырылып тү­сіп, судың жер астына кете бас­­тағанын үлкендерге еріп бар­ған Өзағаң өз көзімен кө­р­генін айтатын еді.

«Ежелгі Отырардың» қат­пар­лы тарихы сурет болып, көз алдыңызда тұрады.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Суретте: Отырардан табылған теңге

Суретті түсірген

Нұрманбет ҚИЗАТҰЛЫ


Соңғы жаңалықтар