Аймақтар • 30 Наурыз, 2017

Британия компаниясы Ақтауда туристік шағын аудан және жол салады

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жобаны сапалы іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құрылмақ.

Британия компаниясы Ақтауда туристік шағын аудан және жол салады

Британияның Global Project Capital Ltd» компаниясы Маңғыстаудың инфрақұрылым және көлік нысандарының құрылысына қаржы салуға дайын, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжанов пен Global Project Capital Ltd» компаниясының бас директоры Кеннет Фултон өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Құжатта Ақтау қаласы аумағындағы инфрақұрылымдық және көлік нысандарының құрылысында ынтымақтастық орнату жайы қарастырылған. Өз кезегінде жергілікті билік 800 гектар жерді жалға беріп, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етпек.

„Global Project Capital Ltd“ компаниясы облыстың әлеуметтік дамуына қаржы салуға өзі ұсыныс тастаған. Бүгін біз туристік шағын аудан құрылысы жобасын бастап кеттік. Онда медициналық мекемелер, мектеп, сауық және сауда орындары болмақ", - деді облыс әкімі.  

Жоспарланған нысандар қатарында су тазартуда жаңа технорлогиялар пайдалану, Ақтау халықаралық әуежайы мен Ақтау халықаралық теңіз тауар портын дамыту, энергетика тасымалы секілді жобалар бар. Сонымен қатар, денсаулық сақтау және білім беру нысандары құрылысы мен ауыл шаруашылығы нысандары және ірі туристік орындар салу жоспарланған.

Жобаның бірінші кезеңіне 500 млн доллар бөлінеді.  

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38