Аймақтар • 30 Наурыз, 2017

"Нұр Ақтөбе" атты жаңа тұрғын үй алабы бой көтеруде

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тез салынатын аз қабатты несиеге берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жобаны аралады.

"Нұр Ақтөбе" атты жаңа тұрғын үй алабы бой көтеруде

Нысанды аралау барысында Б.Сағынтаевқа «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабындағы тұрғын үйлерді салу барысы, жобалық шешім ерекшеліктері және берілетін пәтерлер сапасы туралы баяндалды, деп жазады pm.kz. 

Нысандардың құрылысында пайдаланылатын материалдардың 65% жергілікті кәсіпорындарда өндірілетінін айта кеткен жөн.

“Нұр Ақтөбе” тұрғын үй алабында шамамен 151 гектар аймақты алатын бірнеше шағын аудан болады. Жобаның бірінші кезеңінде 423 көппәтерлі үй салыну жоспарланған.

Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы басталып кетті. Пәтерлердің шаршы метрі 120 теңгеден аспайды. Ал 2018-2020 жылдары осы аймақтағы 380 гектар жерге 1819 несиелік үй бой көтермек.

2017-2018 жылдары “Нұр Ақтөбе” тұрғын үй алабындағы “Таунхаус” типті 60 үйдің құрылысы қолға алынады. Осы арқылы 2500 отбасы баспаналы болмақ.

Барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысында 2017 жылы 500-ден кем емес аз қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр, бұл тұрғын үй кезегінде тұрған 700-ден астам отбасыны қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл осы өңір үшін ерекше өзектілікке ие, себебі ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, мұнда ауқымды агломерация дамып, Ақтөбе қаласы заманауи урбанистік орталыққа айналуы тиіс.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруды Үкіметтің таяу келешектегі басымдықты міндеттерінің бірі ретінде атап көрсеткен, себебі бағдарлама алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38