Әлем • 30 Наурыз, 2017

Түркия Сириядағы "Евфрат қорғаны" әскери операциясын тоқтатты

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның премьер-министрі Бинали Йылдырым жергілікті телеарналардың бірінде тікелей эфирде күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сауалдарға жауап бере отырып, өткен жылдың 24 тамызында басталған Түркияның Сириядағы "Евфрат қорғаны" әскери операциясының тоқтатылғанын айтты.

Түркия Сириядағы "Евфрат қорғаны" әскери операциясын тоқтатты

Өз сөзінде үкімет басшысы "Евфрат қорғаны" әскери операциясы өз миссиясын орындап шыққанын айтты, деп хабарлайды Hurriyet басылымы. 

Йылдырымның айтуынша, қажеттілік болған жағдайда елдің әскери күші трансшекаралық аймақтарға шоғырландырылуы мүмкін.

Аталған операция барысында Түркия Евфрат өзенінің жағасындағы Джараблус қаласын алып, оны "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған террорлық ұйым) лаңкестерінен тазартты. Одан кейін Түркия әскері оңтүстіктегі әл-Бабу қаласына орналастырылды.  

Қазіргі таңда аймақта Түркия әскері әлі де бар, дегенмен, нақты қанша екені әзірге белгісіз қалып отыр, деп жазады басылым. 




Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38