Үкімет • 30 Наурыз, 2017

Үкімет өңірлердің кәсіпкерлерімен диалог жүргізуді жалғастыруда

170 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Үкімет өңірлердің кәсіпкерлерімен диалог жүргізуді жалғастыруда

Премьер-Министр отырысты бастай отырып, өңірдегі кәсіпкерлік секторын дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасуды ұсынды, деп хабарлайды pm.kz.

Кездесу барысында шара қатысушылары несие ресурстарының қолжетімділігі, субсидиялау, пайыздық мөлшерлемелер, салық саясаты мәселелерін, сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың түрлі аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысының кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі көтерген мәселелер талқыланды.

Кездесуге «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Т. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов қатысты. «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің төрағасы И. Салжанов, «Қадырова» ЖК директоры С. Қадырова, «Дастан» ЖШС президенті А. Айтжанов, «Ақтөбе облысының сүт және сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы М. Итеғұлов, «Ақтөберентген» АҚ президенті Р. Есмағамбетов, «Көктас-Ақтөбе» АҚ директорының орынбасары Ж. Жақыпова сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев жауапты мемлекеттік органдарға көтерілген мәселелерді бақылауға алуды тапсырды.

Айта кету керек, ҚР Премьер-Министрі өңірлерге жұмыс сапары кезінде бизнес секторының өкілдерімен кездесуге ерекше басымдық береді, онда кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша Үкіметтің жүргізіп жатқан жұмыстарын түсіндіреді. ҚР Президенті Н. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бизнестің еліміздің экономикалық өсімінің қозғаушы күшіне айналуы керектігін атап көрсеткен. Осы орайда Үкімет шығындарды қысқарту, қайта реттеу бойынша және кәсіпкерлерге қаржылық әрі заңнамалық қолдау көрсету жөнінде кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Соңғы жаңалықтар

Несие алу неге қиындады?

Қоғам • Бүгін, 17:38