Бокс • 30 Наурыз, 2017

​Головкинмен жұдырықтасу арманымның бірі – Сондерс

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) дәл осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF титулдарының иегері Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жұдырықтасуға дайын екенін кезекті рет мәлімдеді.

​Головкинмен жұдырықтасу арманымның бірі – Сондерс

«Геннадий Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл оның арманы екенін де жасырмады. Менің бұған еш қарсылығым жоқ. Не сұраса да, бәрін беруге дайынмын. Өзімнің белбеуімді ортаға қоюдан қорықпаймын. Тек кездесу өтсе болғаны. Себебі, бұл айқас та менің арманым. Головкин екеуіміздің қолғап түйістіруіміз тарихқа енуі мүмкін. Оны жеңу үшін барымды саламын», – деді Сондерс.

«Екеуіміздің жекпе-жегіміз осы жазда өткенін қалаймын. Геннадийге деген құрметім жоғары, мен тек өзімнің күшімді тексеріп көргім келеді. Егер алда-жалда бұл бокс кеші ұйымдастырылмайтын болып жатса, Мигель Коттомен күш сынассам деймін», – деді Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Өз кезегінде Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен қандай жағдай болса да, британ боксшысы осы жылдың маусым айында шаршы алаңға шығатынын мәлімдеді. Оның айтуынша қазіргі уақытта Головкиннің өкілдерімен қаржы мәселесі шешілген. Сонымен қатар, қазақстандық боксшы осы аптаның соңына дейін келісімшарт ұсынбаса, өзге қарсылас іздейтінін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар