30 Наурыз, 2017

​Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы

170 рет
көрсетілді
31 мин
оқу үшін

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

​Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің бұйрығы

2015 жылғы 16 қараша              №928               Астана қаласы

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар:

1) Өрттер және адам өлімі туралы жалпы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

2) Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

3) Өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

4) Өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

5) Тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың зардаптары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

6) Дала өрттері мен тұтанулар туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан;

7) Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрт туындамай, улы газбен уланудан тұрғын үй секторында қаза болған және жарақат алған адамдар туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықтың көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 маусымдағы № 320 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9636 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялынған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция

генерал-полковнигі  Қ.ҚАСЫМОВ


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы _________________ Ә.Смайылов

2015 жылғы 23 қараша


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы

№928 бұйрығымен бекітілген


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Өрттер және адам өлімі туралы жалпы мәліметтер

Есептік кезең 20 __ жылғы ____________

(айы)

Индекс: 1-ӨЖМ

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне

Ұсыну мерзімі – есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 27-іне дейін

р/с

№ Көрсеткіштер атауы бар-лығы қала-ларда ауылдық жерде

1 2 3 4 5

1 Өрттердің саны

2 Нұқсан сомасы (мың теңге)

3 Қаза болған адамдар (барлығы), оның ішінде:

3.1 балалар

3.2 мас күйіндегі адамдар

4 Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрт туындамай, улы газбен уланудан қаза болған адамдар

5 Өртте жарақат алған адамдар

6 өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрт туындамай, улы газбен уланудан қаза болған адамдар

7 Өрт кезінде құтқарылған адамдар

8 Құтқарылған материалдық бағалы заттар (мың теңге)



Ұйымның атауы ________________________________________________

Мекенжайы ____________________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Электрондық мекенжайы _________________________________________

Орындаушының Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы _______________

Бастықтың (басшының) Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы __________

Күні 20__ жылғы «___» _______________

М.О.


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Өрттер туралы жалпы мәліметтер

1. 1- тармақта өрттердің саны көрсетіледі.

2. 2-тармақта мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген нұқсан сомалары туралы деректер көрсетіледі.

3. 3-тармақта өрт кезінде қаза болған адамдар саны көрсетіледі.

4. 3.1-тармақта өрт кезінде қаза болған балалар саны көрсетіледі.

5. 3.2-тармақта мас күйінде өртте қаза болған адамдар саны көрсетіледі.

6. 4-тармақта өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрт туындамай, улы газбен уланудан қаза болған адамдар саны көрсетіледі.

7. 5-тармақта өрт кезінде жарақат алған және зақымданған адамдар саны көрсетіледі.

8. 6-тармақта өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде өрт туындамай, улы газбен уланудан қаза болған адамдар саны көрсетіледі.

9. 7-тармақта өрт кезінде құтқарылған адамдар саны көрсетіледі.

10. 8-тармақта мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген, құтқарылған материалдық бағалы заттар туралы деректер көрсетіледі.

11. 3-бағанда 4 және 5-бағандарды қосып есептеген деректер көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы

№928 бұйрығымен бекітілген


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер

Есептік кезең 20 __ жылғы ____________

(айы)

Индекс: 1- ЖЖМ

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне

Ұсыну мерзімі – есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 27-іне дейін

р/с

№ Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары Саны

1 2 3

1 Өндірістің технологиялық процесінің ерекшеліктеріне (техникалық регламентке немесе басқа да техникалық құжаттамаға кіргізген) немесе өнеркәсіптік қондырғылар мен агрегаттардың, сондай-ақ үй-жайларды жылытуға арналған тұрмыстық пештердің жұмыс істеу жағдайларымен байланысты жану жағдайлары

2 Заттарды қайта өңдеу, сапалық сипатын өзгерту мақсатында (кептіру, пісіру, үтіктеу, қақтау, қуыру, балқыту және басқалары) отпен, жылумен немесе өзге де термиялық (жылулық) әсермен өңдеудің нәтижесі ретінде жану жағдайлары

3 Өрттің шығуына әкелмеген, статикалық электрдің жарылыстары, жарқылдары және разрядтары

4 Аппараттың, агрегаттың және тетіктің шегінен тыс жанудың таралуын тудырмайтын, электр жабдықтарындағы, тұрмыстық және өнеркәсіптік электр аспаптарындағы жанудың электр желілерінің қысқа тұйықталу жағдайлары

5 Өрттің шығуына әкелмеген, тұрмыстық электр аспаптарының ақаулығы кезінде түтіндеу және тамақ пісіру кезінде оның жану жағдайлары

6 Ашық аумақтар мен дала алқаптарындағы иесіз ғимараттар мен иесіз көлік құралдарының, құрғақ шөптің, жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздардың, сондай-ақ қоқыс төгетін жерлердегі, бос жерлердегі, үй иесі мен шаруашылық етуші объектілердің аумақтарындағы, жол жиектеріндегі, оны жинауға арналған контейнерлік алаңдардағы, оны жинауға арналған контейнерлердегі (жәшіктердегі), тұрғын үйлердің лифт шахталарындағы (лифтілеріндегі), тұрғын үйлердің қоқыс жинағыштарындағы (қоқыс құбырларындағы), тұрғын үйлердің баспалдақ торларындағы, тұрғын үйлердің жертөле және шатыр үй-жайларындағы қоқыстардың тұтанулары

7 Өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өзін-өзін өлтіруге қастандық жасау жағдайлары, егер олар жанудың таралуын тудырмаса

8 Жол-көлік оқиғасы себебінен болған автокөлік құралдарының өртену жағдайлары

9 Авиациялық, теміржол авариялары, террористік актілер, әскери іс-қимылдар, құқық қорғау органдарының арнайы операциялары, жер сілкіністері себебінен болған өрттер

10 Пешпен (каминдермен) жылытуда өлімге әкелген улы газбен адамдардың улану жағдайлары

11 Зардаптар мен нұқсансыз пирофорлық қосындылардың өздігінен тұтану жағдайлары



Ұйымның атауы ________________________________________________

Мекенжайы ____________________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Электрондық мекенжайы _________________________________________

Орындаушының Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы _______________

Бастықтың (басшының) Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы __________

Күні 20__ жылғы «___» _______________

М.О.


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер

1. 1-11-тармақтардағы 3-бағанда өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы

№928 бұйрығымен бекітілген


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер

Есептік кезең 20 __ жылғы ____________

(айы)

Индекс: 3-ӨШСМ

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне

Ұсыну мерзімі – есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 27-іне дейін

Өрттің шығу себептері Өрттер-дің

саны Нұқсан

(мың теңге)

1 2 3

1. Анықталған өртеулер

2. Технологиялық процестің бұзылуы, өндірістік жабдықтың ақаулығы

3. Электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, барлығы

оның ішінде:

автокөлік құралдарындағы желілердің қысқа тұйықталуы


4. Тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық, барлығы

оның ішінде:

1) жылу беру аспаптары

2) тамақ дайындау аспаптары

3) үтіктер

4) теледидарлар

5) жарық беру шамдары

6) басқа да аспаптар

5. Өнеркәсіптік жылу генераторы қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық, барлығы

оның ішінде:

1) газды


2) қатты отын

3) сұйық отын

4) электрлік

6. Пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

1) пештің өртке қарсы бөлігінің сәйкес келмеуі

2) пештің өртке қарсы жылжытқышының сәйкес келмеуі

3) киім-кешек пен дымқыл ағашты кептіру

4) пеш алдында темір қаңылтырдың болмауы

5) ұшқын өшіретін құрылғылардың болмауы

7. Дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық, барлығы

оның ішінде:

1) электрлік дәнекерлеу жұмыстары

2) газбен дәнекерлеу жұмыстары

3) газбен кесу жұмыстары

4) отпен ұйту жұмыстары

8. Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

9. Отпен абайсыз болу, барлығы

оның ішінде:

1) темекі шеккенде

2) ашық отпен жанатын жарық беру құралдарын пайдалану кезінде (майшам, фонарь, факел және тағы басқалары)

3) алаудан

4) отшашулардан, пиротехникалық бұйымдардан

5) басқалар

10. Балалардың отпен ойнауы

11. Заттар мен материалдардың өздігінен жануы

12. Жарылыстар

13. Тікелей найзағайдың соғуы немесе олардың қайта әсері

14. Анықталмаған себептер (әр өртті жазып көрсету)

15. Өрттің басқа да себептері (көлік құралдарында ұшқын қаққыш құрылғылардың болмауы, отын өткізгіштің үзілуі)



Ұйымның атауы ________________________________________________

Мекенжайы ____________________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Электрондық мекенжайы _________________________________________

Орындаушының Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы _______________

Бастықтың (басшының) Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы __________

Күні 20__ жылғы «___» _______________

М.О.


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер

1. 1-15-тармақтарда өрттің шығу себептері көрсетіледі.

2. 2-бағанда өрттердің саны көрсетіледі.

3. 3-бағанда мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген нұқсан сомалары туралы деректер көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы

№928 бұйрығымен бекітілген


Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер

Есептік кезең 20 __ жылғы ____________

(айы)

Индекс: 4-ӨШОМ

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне

Ұсыну мерзімі – есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 27-іне дейін

Өрттер шыққан объектілер Өрт-тер саны Нұқсан

(мың теңге)

1 2 3

1. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, барлығы

оның ішінде:

1) электр энергетикасы кәсіпорындары

2) қара және түсті металлургия кәсіпорындары

3) машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары

4) химиялық саладағы кәсіпорындар

5) мұнай саласындағы кәсіпорындар

6) көмір саласындағы кәсіпорындар

7) газ өндіру кәсіпорындары

8) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары

9) тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары

10) ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаз өнеркәсібі кәсіпорындары

11) құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындары

12) басқа да кәсіпорындар

2. Сауда кәсіпорындары, барлығы

оның ішінде:

1) жабық базарлар

2) көтерме базарлар, жәрмеңкелер, тауар көрмелері

3) өнеркәсіптік тауарлардың дүкендері

4) азық-түлік тауарларының дүкендері

5) гастрономдар

6) әмбебап дүкендер

7) шағынмаркеттер

8) супермаркеттер

9) сауда-ойынсауық орталықтары

10) сауда орталықтары

11) сауда үйлері

12) сауда павильондары, дүңгіршектер, шағын дүкендер, палаткалар және басқалары

13) қоғамдық тамақтану объектілері

13.1) мейрамханалар

13.2) дәмханалар, барлар

13.3) асханалар

13.4) кәуапханалар мен басқа да сол сияқты нысандар

14) басқа да сауда ғимараттары

3. Қойма ғимараттары, барлығы

оның ішінде:

1) азық-түлік қоймалары, жеміс-жидек базалары

2) өнеркәсіптік тауарлар қоймалары

3) тез тұтанғыш сұйықтықтардың, жанғыш сұйықтықтардың және сұйытылған газдардың қоймалары

4) химиялық заттардың, минералды тыңайытқыштардың қоймалары және тағы басқалары

5) ағаш кесу материалдарының қоймалары

6) медициналық тауарлардың қоймалары

7) басқа да қоймалар

4. Білім беру мекемелерінің ғимараттары, барлығы

оның ішінде:

1) жалпы білім беру (мектептер, лицейлер, гимназиялар, интернаттар)

2) жоғары және орта кәсіптік білім беру (Жоғары оқу орындары, кәсіби-техникалық училещелер)

3) біліктілікті арттыру институттары, оқу комбинаттары мен курстар

4) басқа да білім мекемелері

5) оның ішінде биік қабатты ғимараттарда

5. Балалар мекемелері, барлығы

оның ішінде:

1) мектепке дейінгі (балабақшалар, бөбекжайлар, балалар үйі)

2) сауықтыру лагерьлері, пансионаттар және тағы басқалары

3) оқушылар сарайлары мен үйлері

4) басқа да балалар мекемелері

6. Мәдени-ағарту мекемелері, барлығы

оның ішінде:

1) театрлар, кинотеатрлар, цирктер, концерт залдары, бейнесалондар

2) мәдениет сарайлары, клубтар, мұражайлар, көрмелер, кітапханалар

3) туристік базалар

4) саябақтар, зоопарктер, аквапарктер, океанариум

5) казино, боулинг, би орындары, ойын автоматтарының залдары, бильярд ойнау орындары

6) басқа да ғимараттар

7. Спорттық-ағарту мекемелері, барлығы

оның ішінде:


1) стадиондар, ипподромдар

2) спорт сарайлары, манеждер, бассейндер, тир, корттар

3) басқа да ғимараттар

8. Емдеу-алдын алу мекемелері, барлығы

оның ішінде:


1) ауруханалар, госпитальдар, перзентханалар

2) емханалар, диспансерлер, медбекеттер

3) санаторийлер, профилакториялар

4) санитарлық-эпидемиялық станциялар

5) қарттар мен мүгедектер үйлері

6) жедел жәрдем станциялары

7) басқа да ғимараттар

9. Кір жуу және монша кешендері, барлығы

оның ішінде:


1) моншалар

2) хауыздар

3) кір жуу орындары

4) химиялық тазалау орындары

10. Әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, барлығы

оның ішінде:

1) мемлекеттік билік органдарының ғимараттары

2) өкілдік билік органдарының ғимараттары

3) жергілікті атқару органдарының ғимараттары

4) сот, нотариалдық және адвокаттық кеңсе ғимараттары

5) мәдени ғимараттар

6) ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің әкімшілік ғимараттары

7) әуежайлар мен әуежай вокзалдары

8) теміржол, теңіз, өзен және автовокзалдар және тағы басқалары

9) почтамт, телеграф, автоматтық телефон станциясы, байланыс бөлімшелері

10) радио және есептеу орталықтары, телестудиялар

11) банктер, биржалар, брокерлік кеңселер

12) қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер

13) халыққа тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттары

14) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілері

15) Ішкі істер министрлігінің объектілері

16) Қорғаныс министрлігінің объектілері

17) Төтенше жағдайлар министрлігінің объектілері

18) басқа да ғимараттар

19) оның ішінде биік қабатты ғимараттарда

11. Ауыл шаруашылығы объектілері, барлығы

оның ішінде:

1) мал шаруашылығы фермасы, қой қоралар, ат қоралар, қоралар

2) құс өсіру фермасы

3) шөп, мал азығы қоймалары және басқалар

4) диірмендер

5) элеваторлар, астық қоймалары

6) астық кептіру орындары, механизацияланған токтар, жем дайындау цехтері

7) жылыжайлар, көшетханалар

8) жеміс-жидек және көкөніс сақтау орындары

9) дала алқабы, омарта, қырықтық бекеті және басқалары

10) дәнді-дақыл егістіктері

11) басқа да ғимараттар

12. Салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңдары

13. Көлік құралдары, барлығы

оның ішінде:

1) автомобиль көлігі

1.1) жүк автокөлігі;

1.2) жеңіл автокөлік;

1.3) автобустар;

1.4) троллейбустар.

2) ауылшаруашылық техникасы

3) теміржол көлігі

4) әуе кемесі

5) теңіз, өзен кемелері

6) басқа да көлік құралдары

14. Тұрғын секторы, барлығы

оның ішінде:

1) көп қабатты мемлекеттік үйлер

2) пәтер иелерінің көп қабатты тұрғын үйлері

3) 10 және одан көп қабатты тұрғын ғимараттары

4) жеке сектор

5) жатақхана

6) бау-бақша, саяжайлық үйлер, киіз үйлер

7) басқа да үйлер

15. Ормандар, барлығы

оның ішінде:

1) жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы

2) Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің қарамағындағы

16. Дала, шалғындықтар, жайылымдар

17. Басқа да ашық аумақтар (иен жерлер, жолдың жиектері, көшелер және басқалары)



Ұйымның атауы ________________________________________________

Мекенжайы ____________________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Электрондық мекенжайы _________________________________________

Орындаушының Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы _______________

Бастықтың (басшының) Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы __________

Күні 20__ жылғы «___» _______________

М.О.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер

1. 1-17-тармақтарда өрт шыққан объектілер көрсетіледі.

2. 2-бағанда өрттердің саны көрсетіледі.

3. 3-бағанда мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген нұқсан сомалары туралы деректер көрсетіледі.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы

№928 бұйрығымен бекітілген

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Тұрғын секторындағы өрттер мен олардың салдары туралы мәліметтер

Есептік кезең 20 __ жылғы ____________

                                                      (айы)

Индекс: 1-ТСӨМ

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері

Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне

Ұсыну мерзімі – есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 27-іне дейін

р/с

№ Көрсеткіштер атауы Қалалар мен қала үлгісіндегі кенттерде Ауыл-дық жерде

1 2 3 4

1 Тұрғын секторларында болған өрттердің саны

1.1 Нұқсан (мың тенге)

1.2 Қаза болған адамдар, барлығы:

1.2.1 оның ішінде балалар

1.3 Жарақат алған адамдар, барлығы:

1.3.1 оның ішінде балалар

1.4 Құтқарылған адамдар, барлығы:

1.4.1 оның ішінде балалар

1.5 Құтқарылған материалдық бағалы заттар (мың теңге)

1.6 Өлген мал басы, барлығы:

оның ішінде:

1.6.1 Ірі қара мал (сиыр)

1.6.2 Ұсақ қара мал (қой, ешкі)

1.6.3 жылқы

1.6.4 түйе

1.6.5 шошқа, есек және басқалары

1.6.6 кеміргіштер (қоян, теңіз шошқасы) және басқалары

1.6.7 құс (тауық, үйрек, қаз, түйе құс)

1.7 Жойылған техника, саны бірлік

1.8 Жойылған құрылыс, бірлік

2 Тұрғын секторында өртте қаза болған адамдардың әлеуметтік жағдайы

2.1 Жұмысшылар

2.2 Қызметкерлер

2.3 Кәсіпкерлер

2.4 Уақытша жұмыссыздар

2.5 Зейнеткерлер

2.6 Балалар (мектепке дейінгі)

2.7 Оқушылар

2.7.1 7-ден 10 жасқа дейінгі

2.7.2 10-нан 16 жасқа дейінгі

2.8 Жоғары оқу орындарының, лицейлердің студенттері (16 жастан жоғары)

2.9 Тұрғылықты жері жоқ адамдар

2.10 Мүгедектер

3 Адам өліміне ықпал еткен негізгі жағдайлар

3.1 Мас күйде болу

3.2 Ұйқыда болу

3.3 Мүгедектік

3.4 Қараусыз қалған балалар

3.5 Үрей, өрт кезіндегі теріс іс-қимылдар

3.6 Басқалары

4 Тұрғын секторында болған өрттерде адам өлімінің негізгі себептері

4.1 Жоғары температура

4.2 Жану өнімдерінің әсері

4.3 Құрылыс конструкцияларының қирауы

4.4 Психикалық факторлар (үрей, қарбалас және басқалары)

4.5 Газ жарылысы

4.6 Басқалары

5. Адамдардың қаза болған жерлері

5.1 Өрт орнында

5.2 Ауруханаға бара жатқан жолда

5.3 Ауруханада

6 Тұрғын секторында болған өрттердің себептері

6.1 Анықталған өртеулер

6.2 Технологиялық процестің бұзылуы, өндірістік жабдықтың ақаулығы

6.3 Электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзушылық

6.4 Тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

6.5 Жылу генераторы қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

6.6 Пештерді орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық, оның ішінде:

6.6.1 пештің өртке қарсы бөлігінің сәйкес келмеуі

6.6.2 пештің өртке қарсы жылжытқышының сәйкес келмеуі

6.6.3 киім-кешек пен дымқыл ағашты кептіру

6.6.4 пеш алдында темір қаңылтырдың болмауы

6.6.5 ұшқын өшіретін құрылғылардың болмауы

6.7 Электрлік дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

6.8 Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

6.9 Керосинді және басқа да құрылғыларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

6.10 Отпен абайсыз болу

6.11 Мас күйінде төсекте темекі шегу

6.12 Балалардың отпен ойнауы

6.13 Заттар және материалдардың өздігінен жануы

6.14 Жарылыстар

6.15 Тікелей найзағайдың соғуы немесе олардың қайта әсері

6.16 Анықталмаған себептер

6.17 Өрттердің басқа да себептері

7 Адамдардың қаза болуына ықпал еткен өрттердің шығу себебі

7.1 Анықталған өртеулер

7.2 Технологиялық процестің бұзылуы, өндірістік жабдықтың ақаулығы

7.3 Электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзушылық

7.4 Тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

7.5 Жылу генераторы қондырғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

7.6 Пештерді орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық:

7.6.1 пештің өртке қарсы бөлігінің сәйкес келмеуі

7.6.2 пештің өртке қарсы жылжытқышының сәйкес келмеуі

7.6.3 киім-кешек пен дымқыл ағашты кептіру

7.6.4 пеш алдында темір қаңылтырдың болмауы

7.6.5 ұшқын өшіретін құрылғылардың болмауы

7.7 Электрлік дәнекерлеу және басқа да отпен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

7.8 Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

7.9 Керосинді және басқа да құрылғыларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылық

7.10 Отпен абайсыз болу

7.11 Мас күйінде төсекте темекі шегу

7.12 Балалардың отпен ойнауы

7.13 Заттар және материалдардың өздігінен жануы

7.14 Жарылыстар

7.15 Тікелей найзағайдың соғуы немесе олардың қайта әсері

7.16 Анықталмаған себептер

7.17 Өрттердің басқа да себептері

8 Өрттерді объектілер бойынша бөлу

8.1 Жеке үй

8.2 Көп пәтерлі тұрғын үй

8.3 Гараж

8.4 Монша

8.5 Хауыз

8.6 Саяжай

8.7 Ауладағы қосымша құрылыс

8.8 Тұрғын вагон

8.9 Шөп қора

8.10 Қора

9 Өрттің шығу орны

9.1 Тұрғын бөлмелер

9.2 Дәліз

9.3 Киім ілуге арналған бөлме

9.4 Асхана

9.5 Ванна, душ бөлмесі, әжетхана

9.6 Балкон, лоджия

9.7 Шатыр үй-жайы

9.8 Жертөле үй-жайы

9.9 Лифт шахтасы

9.10 Кіреберіс, баспалдақ торы

9.11 Түтін шығару шахтасы

9.12 Қосалқы үй-жай

9.13 Қосымша құрылыс (монша, гараж, тамбур және тағы басқалары)

9.14 Қоқыс тастағыш

9.15 Басқа да орындар

10 Өрттерді аптаның күндері бойынша бөлу

10.1 Дүйсенбі

10.2 Сейсенбі

10.3 Сәрсенбі

10.4 Бейсенбі

10.5 Жұма

10.6 Сенбі

10.7 Жексенбі

11 Аптаның күндері бойынша өрттерде қаза болған адамдар

11.1 Дүйсенбі

11.2 Сейсенбі

11.3 Сәрсенбі

11.4 Бейсенбі

11.5 Жұма

11.6 Сенбі

11.7 Жексенбі

12 Тұрғын секторында шыққан өрттердің саны тәулік уақытымен

12.1 00.00 – 06.00

12.2 06.00 – 12.00

12.3 12.00 – 18.00

12.4 18.00 – 24.00

13 Тұрғын секторында адамдардың қаза болған уақыты тәулік уақытымен

13.1 00.00 – 06.00

13.2 06.00 – 12.00

13.3 12.00 – 18.00

13.4 18.00 – 24.00

14 Өрттерде жарақаттанған адамдар

14.1 Жоғары температура (күйік)

14.2 Жану өнімдерінің әсері

14.3 Құрылыс конструкцияларының қирауы

14.4 Газ жарылысы

14.5 Басқалары

15 Әртүрлі қабаттағы тұрғын ғимараттарда және қосымша шаруашылық құрылыстарында шыққан өрттер

15.1 Қосымша шаруашылық құрылыстары, барлығы:

15.1.1 монша

15.1.2 гараж

15.1.3 қора және басқалары

15.2 бір қабатты үйлер

15.3 екі қабатты

15.4 3-тен 5 қабатқа дейін

15.5 6-дан 9 қабатқа дейін

15.6 9 қабаттан жоғары

16 Әртүрлі қабаттағы тұрғын ғимараттарда және қосымша шаруашылық құрылыстарында шыққан өрттерде адамдардың қаза болуы

16.1 Қосымша шаруашылық құрылыстары, барлығы:

16.1.1 монша

16.1.2 гараж

16.1.3 қора және басқалары

16.2 бір қабатты үйлер

16.3 екі қабатты

16.4 3-тен 5 қабатқа дейін

16.5 6-дан 9 қабатқа дейін

16.6 9 қабаттан жоғары

17 Өрт шыққан тұрғын ғимараттың қабаты

17.1 1-қабат

17.2 2-қабат

17.3 3-қабат

17.4 4-қабат

17.5 5-қабат

17.6 6-қабат

17.7 7-қабат

17.8 8-қабат

17.9 9-қабат

17.10 9 қабаттан жоғары

18 Өрттің нәтижесінде адамдар қаза болған тұрғын ғимараттың қабаты

18.1 1-қабат

18.2 2-қабат

18.3 3-қабат

18.4 4-қабат

18.5 5-қабат

18.6 6-қабат

18.7 7-қабат

18.8 8-қабат

18.9 9-қабат

18.10 9 қабаттан жоғары



Ұйымның атауы ________________________________________________

Мекенжайы ____________________________________________________

Телефоны ______________________________________________________

Электрондық мекенжайы _________________________________________

Орындаушының Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы _______________

Бастықтың (басшының) Т.А.Ә. (егер бар болса) __________ қолы __________

Күні 20__ жылғы «___» _______________

М.О.

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Тұрғын секторындағы өрттер мен олардың салдары туралы мәліметтер

1. 3-бағанда қалалар мен қала түріндегі кенттерден тұрғын секторының деректері көрсетіледі.

2. 4-бағанда ауылдық жердегі тұрғын секторының деректері көрсетіледі.

3. 1-тармақта тұрғын секторында болған өрттердің саны көрсетіледі.

4. 1.1-тармақта мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген нұқсан сомалары туралы деректер көрсетіледі.

5. 1.2-тармақшада тұрғын секторында қаза болған адамдардың саны көрсетіледі.

6. 1.2.1-тармақшада өрт кезінде қаза болған балалар саны көрсетіледі.

7. 1.3-тармақшада өрт кезінде жарақат алған және зақымданған адамдар саны көрсетіледі.

8. 1.3.1-тармақшада өрт кезінде жарақат алған және зақымданған балалар саны көрсетіледі.

9. 1.4-тармақта өртте құтқарылған адамдар саны көрсетіледі.

10. 1.4.1 -тармақшада өртте құтқарылған балалар саны көрсетіледі.

11. 1.5-тармақта мың теңгемен және бір ондық белгіге дейінгі дәлдікпен есептелген құтқарылған материалдық бағалы заттар туралы деректер көрсетіледі.

12. 1.6-тармақта өртте өлген мал басының жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 1.6.1-1.6.7-тармақтардың қосындысынан шығады.

13. 1.6.1-тармақшада өртте өлген ірі қара малдың саны көрсетіледі.

14. 1.6.2-тармақшада өртте өлген ұсақ малдың саны көрсетіледі.

15. 1.6.3-тармақшада өртте өлген жылқылардың саны көрсетіледі.

16. 1.6.4-тармақшада өртте өлген түйелердің саны көрсетіледі.

17. 1.6.5-тармақшада өртте өлген шошқа, есек және тағы басқаларының саны көрсетіледі.

18. 1.6.6-тармақшада өртте өлген кеміргіштер (қоян, теңіз шошқасы және басқалары) саны көрсетіледі.

19. 1.6.7-тармақшада өртте өлген құс (тауық, үйрек, қаз, түйе құс) саны көрсетіледі.

20. 1.7-тармақшада өртте жойылған техника саны (бірлік) көрсетіледі.

21. 1.8-тармақшада өртте жойылған құрылыс саны көрсетіледі.

22. 2-тармақта тұрғын секторында өрттен қаза тапқан адамдардың әлеуметтік жағдайларының жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 2.1-2.10-тармақтардың қосындысынан шығады.

23. 3-тармақта тұрғын секторларында өрттен қаза тапқан адамдардың өліміне әкелген негізгі жағдайлардың жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 3.1-3.6-тармақтардың қосындысынан шығады.

24. 4-тармақта тұрғын секторындағы өрттерде адамдардың қаза болуының негізгі себептерінің жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 4.1-4.7-тармақтардың қосындысынан шығады.

25. 5-тармақта адамдардың қаза болу орындарының жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 5.1-5.3-тармақтардың қосындысынан шығады.

26. 6-тармақта тұрғын секторындағы болған өрттердің себептерінің жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 6.1-6.17-тармақтардың қосындысынан шығады.

27. 7-тармақта тұрғын секторындағы нәтижесінде адамдар қаза болған өрттердің шығу себептерінің жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 7.1-7.17-тармақтардың қосындысынан шығады.

28. 8-тармақта тұрғын секторындағы өрттерді объектілер бойынша бөлудің жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 8.1-8.10-тармақтардың қосындысынан шығады.

29. 9-тармақта өрттердің шығу орнының жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 9.1-9.15-тармақтардың қосындысынан шығады.

30. 10-тармақта өрттерді апта күндеріне бөлгендегі жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 10.1-10.7-тармақтардың қосындысынан шығады.

31. 11-тармақта өртте қаза болған адамдарды апта күндеріне бөлгендегі жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 11.1-11.7-тармақтардың қосындысынан шығады.

32. 12-тармақта тұрғын секторында өрттің шығуын тәулік уақытына бөлгендегі жалпы сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 12.1-12.4-тармақтардың қосындысынан шығады.

33. 13-бағанда тұрғын секторында өрттің шығуынан адамдардың өлімін тәулік уақытына бөлгендегі жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 13.1-13.4-тармақтардың қосындысынан шығады.

34. 14-бағанда өртте жарақаттанған адамдардың жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 14.1-14.6-тармақтардың қосындысынан шығады.

35. 15-бағанда әртүрлі қабаттағы тұрғын ғимараттарда және қосымша шаруашылық құрылыстарда орын алған өрттердің жалпы сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 15.1-15.6-тармақтардың қосындысынан шығады.

36. 16-бағанда әртүрлі қабаттағы тұрғын ғимараттарда және қосымша шаруашылық құрылыстарда орын алған өрттерде адамдардың қаза болуының жалпы сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 16.1-16.6-тармақтардың қосындысынан шығады.

37. 17-бағанда тұрғын ғимараттың қабатында орын алған өрттің жалпы сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 17.1-17.10-тармақтардың қосындысынан шығады.

38. 18-бағанда тұрғын ғимараттың қабатында өрттен қаза болған адамдардың жалпы қорытынды сандық көрсеткіші көрсетіледі. Деректер сомасы 18.1-18.10-тармақтардың қосындысынан шығады.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы

№928 бұйрығымен бекітілген

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

Дала өрттері мен тұтанулар туралы мәліметтер

Есептік кезең 20 __ жылғы ____________

(апта)

Индекс: 6-ДӨТМ

Кезеңділігі: ай сайын

Ұсынады: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері

Нысан қайда ұсыныла

Соңғы жаңалықтар