Үкімет • 30 Наурыз, 2017

Премьер-министр Ақтөбе облысына барды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысына барды.

Премьер-министр Ақтөбе облысына барды

Б. Сағынтаевтың жұмыс бағдарламасында өндірісті технологиялық жаңғырту және цифрландыру мәселелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындардың ұжымдарымен, сондай-ақ өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу мәселелері бойынша облыс жұртшылығымен кездесулері жоспарланған, деп жазады pm.kz.  

Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған ірі инфрақұрылымдық, білім беру және медицина нысандарын аралайды деп жоспарланған. Сондай-ақ Премьер-Министр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй нысандарының құрылыс барысымен танысады.  

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Қазақстан үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, өйткені ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес мұнда ауқымды агломерация дамып, заманауи урбанистік орталық құрылады. Сонымен бірге, облыста бірқатар ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кәсіпорындар орналасқан.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Қазақстан өңірлеріне жұмыс сапарын жалғастыруда. Жоспарланған кестедегі бірінші облыс Шығыс Қазақстан облысы болды. Бүгін Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысында болды, ендігі Ақтөбе облысына барды.

Соңғы жаңалықтар