Футбол • 30 Наурыз, 2017

Орынборлық қазақ «Қайратта» ойнайды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының «Қайрат» клубы Ресейде дүниеге келген 20 жастағы шабуылшы Самат Сәрсеновпен үш жылдық келісімшарт жасасты.

Орынборлық қазақ «Қайратта» ойнайды

С.Сәрсеновті өткен жылы Алма­тыда «Қайрат» пен Ресейдің «Орен­бург» командалары жол­дас­тық кездесу өткізгенде көргенбіз. Сол кезде аз-кем сұх­бат­тасып, пікірін де білген едік.

– Новотроицк қаласының тумасымын. Футболмен жеті жа­сымнан айналыстым. Бала кезім­нен-ақ осы спорт түрін жақсы көрдім. Өзге балалар секілді мен де ала доп ойнауды ауладан бастадым. Кейіннен мектепте қыр-сырын үйрендік. Сосын спорт мектебіне бардым, – деп еді ол.

Футболшы карьерасын 2013 жылы өзі туған қаладағы «Носта» командасынан бастаған. Ал соңғы үш жылын «Оренбург» клу­бының дублінде өткізіпті. Биылғы жылы дубльдің капитаны болды. Жасөспірімдер лигасында бес матч­та үш гол соққан.

«Қайрат» клубының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Сәрсенов бірінші лигада ойнайды. Биылғы маусымда «Қайрат Академия» бірінші лигаға жолдама алған еді. Чем­пио­нат 15 сәуірде басталады.

Айта кетерлігі, Самат Сәр­сенов – құжат бойынша Ресей азаматы. Қазақстан чемпионатында ол легио­нер болып саналады. Тіп­ті, біздің елдің азаматтығын алса да, ұлттық құрама немесе жас­­тар құрамасы са­пында бір ойын өткізбесе, легионер бо­лып қала береді. Себебі, ол «Қазақ­стан фут­болының түлегі» емес.

Бек ТӨЛЕУОВ,

журналист

АСТАНА


Соңғы жаңалықтар