01 Ақпан, 2017

1 ақпанға арналған ауа райы

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Алматы, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының жекелеген аумақтарында күндіз жаяу бұрқасын жүріп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы ықтимал, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басады. Ақтөбе облысында, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын жүреді.
Соңғы жаңалықтар

Қаратау қазынасы қисапсыз емес

Экономика • Бүгін, 08:55