01 Ақпан, 2017

Қазақстан халқы Ассамблеясының ҮНДЕУІ

5 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының

ҮНДЕУІ

Құрметті отандастар! Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың Қазақ­стан халқына аса маңызды Жол­дауы жарияланды. Мемлекет басшысы күн тәртібіне Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы жөнінде міндет қойды. Мақсаты – елдің жаһандық бә­се­кеге қабі­лет­тілігін қамтамасыз ету, эко­номикалық өсімнің жаңа моделін құру. Мемлекет басшысы, «бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, «100 нақты қадам» Ұлт жос­пары негізінде «Қазақстан-2050» стра­тегиясының мақсаттарына, бола­шаққа бас­тайтын сенімді көпір» деді. Президенттің Жолдауы Қазақстанның әрбір азаматының өмір сапасын арттыратыны сөзсіз! Президент Үшінші жаңғырудың не­гізгі бес басымдығын айқындап бер­ді – экономиканың жеделдетілген тех­нологиялық жаңғыруы; дәстүрлі базалық салаларды дамытуға сер­пін беру; еңбек нарығын жаңғырту, макро­экономикалық тұрақтылық; адами капитал сапасын жақсарту; институционалдық өзге­ріс­тер, қауіпсіздік және сыбайлас жем­қор­лықпен күрес. Бұл басымдықтар экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын және 30 озық елдің қатарына қарай ілгерілеуді қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттарға жету үшін «Қазақ­станның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын дамудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық ауқымды жоспары әзірленеді. Халықтың тұрмысына «Цифрлық Қа­зақстан», IT-стартаптардың халық­аралық технопаркі сияқты инновациялар қолданысқа енгізіледі. Үкіметтің алдына 2025 жылға қарай ши­кізаттық емес экспортты 2 есеге ұл­ғай­­ту міндеті қойылды. Қазақстанның агроөнеркәсібі Еуразия континентінің «нан кәрзеңкесіне» айналады, 5 жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен ша­ғын фер­мерлер кооперативтерге бірік­тірі­леді, суармалы егіс алаңдары 5 жыл ішінде 40%-ға артып, 2 миллион гек­тарға жетеді. Еңбек нарығы жаңғыртылып, жұмыс күші артық өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұ­мыс күшін ұтымды тартуға қолдау көр­се­тіледі. Бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту жүзеге асырылады, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуы қамтамасыз етіледі, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асырылады. Мемлекеттің экономикадағы үлесі ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейіне дейін төмендетіледі, «Самұрық-Қазына» холдингін сапалы түрде трансформация­лау ісі жүзеге асырылады, мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейтуге зор мүмкіндік беріледі. Білім беру адами капиталдың сапасын жақсарту аясында экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналады, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бас­тады. Үш тілді қоғамның негізгі ір­гетасы ретінде мемлекеттік тіл­ді дамытуға тың серпін бе­ріледі. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 20%-ға дейін, ал 2018 жылдан бастап базалық зейнетақы 1,8 есеге артады, сондай-ақ, бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өседі, ең төменгі күнкөріс шегі де қайта қарастырылады, денсаулық сақтаудың жаңа моделі енгізіледі. Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған жаңа Мемлекеттік бағдарлама дайындалады, «Қазақстан киберқалқаны» жүйесі қалыптастырылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның жас, көпұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет екенін, біздің басты күшіміз – бірлікте екенін ерекше атап өтті! Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақ­станды Үшінші жаңғырту идеясын толық қолдайды! Біз үнемі алға жылжи және ұлы мақ­сат­тарды іске асыра отырып, Мәңгілік Елдің берік іргетасын бірге қалаймыз! Болашағы біртұтас ел біздің мақсат­тарымыздың, құндылықтарымыздың бірлігімен, қоғамдық келісімнің күшімен қалыптасады. Қазақстанның Үшінші жаңғыруы саяси конституциялық реформаның қисынды жалғасы болып табылады, елді демократияландырудың сенімді іргетасы, мемлекеттің, қоғамның, Қа­зақ­станның көпұлтты халқының жаһандық тарихи ауқымдағы экономикалық және саяси дамуын синхрондайды. Үшінші жаңғыру – Қазақстан да­муының алдыңғы онжылдықтарға ар­нал­ған бағдар­ламасы, бұл – қазақстандық бірегейлік пен бір­лікті нығайту мен да­мы­тудың экономикалық және әлеу­меттік алгоритмі. Тұрақтылық, бірлік және келісім – Қазақстан дамуының негізі, Үшінші жаңғырудың негізі. Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлы Дала елінің барша халқын Қазақстанның Үшінші жаңғыруының бірыңғай әлеуметтік драйвері болуға шақырады. Біздің ортақ жетістігіміз әр аза­маттың күш-жігеріне, жоға­ры аза­маттық борышы мен жауап­кер­шілігіне бай­ланысты. Біз Қазақстан халқын, біздің бір­лігімізді, біздің ортақ азаматтық бас­тау­ларымызды және біздің асыл қасиет­теріміз – жауапкершілік, еңбекқорлық, сенім, ашықтық және өз күшімізге деген сенімділікті нығайтуға шақырамыз. Біздің балаларымыз үшін, біртұтас болашағымыз, халқымыздың өсіп-өркендеуі мен бақыты үшін қажетті Үшінші жаңғырту бағдарламасында әрбір азамат өз орнын табатыны сөзсіз. Алға, Қазақстан! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі  2017 жылғы 31 қаңтар, Астана қ.
Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 08:10