Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев 25 қаңтар күні «Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Әбдіғаниұлы Каримовті мәңгі есте сақтау туралы» қаулыға қол қойды. Ол құжатқа сәйкес, Ислам Каримов қайтыс болған күн – 2 қыркүйек Өзбекстанда «Тұңғыш Президентті еске алу күні» деп жарияланды. Құжатта Өзбекстанда жыл сайын 30 қаңтарда Ислам Каримовтің туған күні аталып өтеді делінген. Сонымен қатар, Өзбекстан басшысы Самарқандағы И.Каримов жерленген алаңға мемориалды кешен салуды және Ташкент, Самарқан мен Қаршы қалаларында тұңғыш президентке арнап ескерткіш тұрғызуды тапсырды.
Бұдан бөлек, қаулыға сәйкес, Өзбекстанның тұңғыш президенті ұзақ жыл қызмет атқарған Оксарой резиденциясында Ислам Каримов атындағы Ғылыми-ағартушылық мемориалды кешен құрылып, сол жерде Ислам Каримов атындағы Республикалық қайырымдылық қоғамдық қор жұмыс істейтін болады. Шавкат Мирзиёевтің қаулысымен Самарқанда Ислам Каримов атындағы музей ашылып, Ташкент мемлекеттік техникалық университеті, Асака қаласындағы автомобиль зауыты, Ферғанадағы Мәдениет сарайы мен Ташкент халықаралық әуежайы тұңғыш президенттің атымен аталады. Сондай-ақ құжатта елдегі бірқатар облыстар мен Ташкенттегі көшелерге И.Каримовтің атын беру туралы жазылған. Бұдан былай жоғары оқу орындарының студенттеріне Өзбекстан басшысының қаулысымен Ислам Каримов атындағы Мемлекеттік шәкіртақы тағайындалады.
Айта кету керек, тәуелсіз Өзбекстан Республикасының тұңғыш президенті Ислам Әбдіғаниұлы Каримов 2016 жылдың 2 қыркүйегінде 79 жасқа қараған шағында дүние салды
• 26 Қаңтар, 2017
Өзбекстанда Тұңғыш Президентті еске алу күні жарияланды

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?
Шаруашылық • Бүгін, 12:02
Астанада LRT осы аптада іске қосылады
Оқиға • Бүгін, 11:50
Елімізде қандай мамандар тапшы?
Еңбек • Бүгін, 11:42
Әлем • Бүгін, 11:27
Қазақстанда жан басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллардан асты
Экономика • Бүгін, 11:13
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатына жолдама алды
Футбол • Бүгін, 11:12
Арыста ағайындылар ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген
Есірткі • Бүгін, 11:00
Месси футболдан әлем чемпионатына қатыса ма?
Футбол • Бүгін, 10:50
«Челси» жанкүйерлері Дастан Сәтпаевтың голына тәнті болды
Футбол • Бүгін, 10:45
Шымкентте колледж басшысы түрмеде отырып 1,3 млрд теңге жымқырған
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:33
Қоғам • Бүгін, 10:32
Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі: Экономикалық логика және жеке капиталдың рөлі
Экономика • Бүгін, 10:25
Елімізде ІЖӨ көлемі 3,6%-ға өсті
Экономика • Бүгін, 10:20
Жұбайын «Парламент атынан» құттықтаған Мәжіліс депутаты көпшіліктің сынына ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:14