Су тасқынының алдын алу мақсатында Қызылорда облысы бойынша Сырдария өзенінің арнасы қауіпті 56 учаскеге бөлініп, олар бойынша 135 жауапты мекеме бекітілді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Аталған мекемелер 1 685 адам күшімен және 403 бірлік арнайы техникамен жарақталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғабит Жаңабаев мәлімдеді. «Су тасқынына қарсы жұмыстарға пайдаланылатын материалдық-техникалық қорлар бойынша барлығы 109,8 тонна жанар-жағармай қоры және 199 500 дана қап, оның ішінде облыс резервінде 153 000 дана, қала және аудандар шегінде 46 500 дана қап сақтауда тұр. Сонымен қатар, 17 350 бау қамыс, 14 720 дана пашын және 500 текше метр қарабура мен тағы да басқа қажетті материалдардың қорлары жасақталды», – деді сала басшысы. Бүгінгі күні Қызылорда қаласы мен аудандарда тасқын су кезеңінде халықты көшіруге арналған 82 эвакуациялық жинақтау және 96 қабылдау пункттері дайындыққа келтірілген.
Министр: Мемлекеттік қарыз деңгейі экономикаға қауіп төндірмейді
Экономика • Бүгін, 13:47
Орман өртін сөндіруге арналған жаңа үлгідегі техника таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 13:30
Қаржы министрлігі: Бюджет кірістері 21,4 трлн теңгеге жетті
Экономика • Бүгін, 13:19
Мәди Такиев: ЖИ саласында мыңдаған маман даярланады
Экономика • Бүгін, 13:15
Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті
Экономика • Бүгін, 13:03
Өткен жылы елімізде ІЖӨ өсімі 6,5%-ды құрады
Экономика • Бүгін, 12:55
Тимур Сүлейменов: Банктерге халыққа емес, бизнеске несие беру тиімді бола түсті
Қаржы • Бүгін, 12:40
«Көгерген нан өнімдері шашылып жатыр»: Атырауда тұрғындар наубайханаға шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 12:28
Астанада баланы қараусыз аулаға сүйреп әкетпек болған ер адам ұсталды
Оқиға • Бүгін, 12:17
Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа әскери шен алды
Спорт • Бүгін, 12:08
Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады
Экономика • Бүгін, 11:50
Жасанды жаңбыр климатқа әсер ете ме? «Қазгидромет» жауап берді
Технология • Бүгін, 11:40
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:38
БҚО-да медициналық қалдықтарды төккендерге қатысты тергеу жүріп жатыр
Оқиға • Бүгін, 11:28
Қазақстанда 669 дәрі-дәрмектің бағасы төмендеген
Қоғам • Бүгін, 11:10