«Барселона» футбол клубы «Реал Сосьедад» командасын сырт алаңда алғаш рет 10 жылдан кейін ұтты. «Аноэта» стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Бұған дейін 8 матчта каталон клубы үш рет тең ойнап, бес мәрте есе жіберген.
Кездесудің алғашқы таймында алаң иелері Силлессен қақпасына айтарлықтай қауіпті сәттер жасай алмады. Сондай-ақ, «Барселона» да өз кезегінде Еуропаның алпауыт командаларына қарсы ойнағандай үйреншікті әдісін көрсетпеді. Алайда, футболда болмашы бір қателіктің өзі жеңіліске әкелетіні белгілі.
Матчтың 20-минутында айып алаңына енген Неймарды Ариц Элустондо шалып жыққандықтан, пенальти белгіленді. Ал 11 метрлік айып добынан бразилиялық шабуылшы мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жеңісті голды соқты. Бұдан кейін қанша мүмкіндіктер болғанмен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Айта кетейік, аталмыш стадионда Лионель Месси бастаған ұжым соңғы рет 2007 жылы 5 мамырда 2:0 есебімен ұтқан.

Конституция күніне орай екі күн демалыс берілуі мүмкін бе?
Қоғам • Бүгін, 16:58
Таразда такси жүргізушісінің көлігінен есірткі табылды
Есірткі • Бүгін, 16:47
Елордалықтарды «автоматпен» шошытқан қыз айыппұл арқалады
Елорда • Бүгін, 16:39
Алматыда ауа сапасын бақылау күшейтіледі
Қоғам • Бүгін, 16:19
Астанадағы екі көшеге еуропалық атау беріледі
Спорт • Бүгін, 16:05
Вице-министр курьер болып жүрген жас анаға қатысты пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:50
Астанада мектеп бітіру кеші қашан өтетіні белгілі болды
Елорда • Бүгін, 15:32
Семейде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 15:23
Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты
Еңбек • Бүгін, 15:07
Елордада қандай медициналық нысандар салынады?
Елорда • Бүгін, 14:52
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 14:22
Аустралия жағалауында киттердің үлкен қорымы табылды
Әлем • Бүгін, 14:20
Италияда қазақ студентінің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 14:10