Version 2[/caption]
«Менің есімім Эмма Шейдлер», – деді 18 жастағы неміс қызы. Ол өткен жылы мектепті аяқтап, «Іс-шара менеджменті» мамандығын оқу үшін Шотландияның Эдинбург қаласына көшіп барыпты. Эмма – Алматыда өтетін қысқы Универсиадаға келетін еріктілердің бірі. Ол Қазақстанға келуге, Универсиада секілді халықаралық жарыстарға ат салысуға құштар екенін айтады.
– Ағылшындар спортты өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайды ғой. Жалпы ол елдегі Универсиаданың деңгейі қандай?
– Бір қызығы, кәсіби спортпен айналыспайтындардың, қарапайым халықтың көп бөлігі Универсиада туралы естімеген екен. Олимпиада мен «Достастық ойындарынан» кейінгі дүбірлі дода туралы Ұлыбританиядағы ақпараттың аздығы мені таңғалдырды. Достарыма Қазақстанға қысқы Универсиадаға ерікті болып баратынымды айтқанымда, олар қандай жарыс екенінен бейхабар-тұғын. Әрқайсысына жеке-жеке түсіндіруге тура келді. Меніңше, Британ үкіметі студент спортшыларды жеткілікті қолдамайтын секілді. Себебі, студенттер арасындағы әлем чемпионаты мен Универсиада Тұманды Альбионда аса танымал емес.
– «Достастық ойындары» Ұлыбританияда жиі өткізіледі. Халықтың оған деген көзқарасы қалай?
– Қазір мен тұрып жатқан Шотландия «Достастық ойындарын» өткізген-ді. Сондықтан елдің бәрі аталған байрақты бәсекеден хабардар әрі сол арқылы спортқа деген қызығушылығы оянады. Шотландия үшін «Достастық ойындарын» өткізу үлкен абырой болды.
– Шотландияда волонтерлар қатары көп пе? Жалпы, халық кез келген шараға ерікті болуға қалай қарайды?
– Көптеген әуесқой жаттықтырушылар ақша төленбегеніне қарамастан ерікті болуға құмар. Олар спортты жан-тәнімен сүйеді. Әсіресе, жас балалар ерікті болу арқылы клубтарға жазылып, спортпен айналыса бастайды. Соның нәтижесінде, болашақ спортшылар әзірленеді.
Лондон Олимпиадасынан кейін Ұлыбританияда спорттық додаларда ерікті болуға ынталылар саны өсті. Себебі, олар байрақты бәсекенің атмосферасын жақсы сезінді. Келер жылы Лондонда жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Лондон Олимпиадасына волонтер болғандардың көбі сондай додаға қайта қатысуға талпынып отыр.
– Медиа саласының спортқа, сондай-ақ, дене шынықтыруға әсері қандай?
– Меніңше, бұқаралық ақпарат құралдарының спортпен айналысуға үгіттеуде үлесі зор. Менің достарымның көбі – Ұлыбританияда туып, осында өскендер. Олардың бәрі біраз уақыт футбол ойнаған. Футбол туралы ақпараттың БАҚ-та көп болуы осыған жақсы әсер етті деп айта аламын.
– Алматыға келуге не әсер етті?
– Универсиада секілді байрақты бәсекеге қатысу – өте үлкен тәжірибе. Көптеген елден келген адамдармен араласып, ой бөлісу өте қызық. Сондай-ақ, Универсиадаға волонтер болу менің сабағым үшін де пайдалы әрі іс-шаралар индустриясында тәжірибе жинауға көмектеседі.
– Қазақстан туралы бұрын білетін бе едіңіз?
– Өкінішке қарай, Қазақстан туралы білетінім аз. Алайда ерікті болуға қабылданған соң, ел туралы ақпарат іздей бастадым. Қазақстанды өте суық деп естідім. Бұл мен үшін жаңа белес болайын деп тұр. Әзірге қазақ мәдениеті туралы аз білемін, әйтсе де, Қазақстанға барғанда жан-жақты танысамын деп ойлаймын.
Универсиада секілді халықаралық жарыстар өткізуші елге бүкіл назарды аудартып, көптеген туристердің келуіне ықпал етеді. Бұл сол елге экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Әрі халықтың да бірігуін, ынтымақтастығын арттырып, елімен мақтануына себеп болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Абай Асанкелдіұлы
• 20 Қаңтар, 2017
Эмма Шейдлер, волонтер: Универсиада экономикалық тұрғыдан да тиімді

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44