• RUB:
    6.63
  • USD:
    487.73
  • EUR:
    558.99
Басты сайтқа өту
Мереке Бүгін, 11:01

Ел тұрғындары шілде айында қанша күн демалады?

2026 жылдың шілде айында Астана күніне байланысты қосымша демалыс беріледі. Биыл 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келетіндіктен, бес күн еңбек ететін азаматтар 4, 5 және 6 шілде күндері үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал алты күндік жұмыс кестесіндегі қызметкерлер үшін 4 шілде (сенбі) толық жұмыс күні болып есептеледі, олар тек 5 және 6 шілде күндері демалады.

Конституция күніне орай екі күн демалыс беріле ме?

Шілде айында бес күндік жұмыс аптасы кезінде 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады. Ал алты күндік жұмыс аптасында 26 жұмыс күні мен 5 демалыс күні қарастырылған.

Сонымен қатар шілде айында бірнеше кәсіби мерекелер атап өтіледі. Олардың қатарында Дипломатиялық қызмет күні, Ұлттық домбыра күні, Қолөнершілер күні, Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні, Ветеринария қызметкері күні, Ұлттық қауіпсіздік органдары күні, Металлург күні және Сауда қызметкерлері күні бар.

Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық

Мамандардың айтуынша, шілде – еңбек демалысын рәсімдеуге қолайлы айлардың бірі. Себебі бұл айда жұмыс күндерінің саны көп болғандықтан, жалақы мен демалыс ақысының арасындағы айырмашылық аз болады.

Соңғы жаңалықтар