Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша АҚШ долларының құны 491 теңге шамасында, ал еуроның бағасы 566-570 теңге аралығында белгіленген. Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында валюталар ресми бағамнан сәл жоғары бағамен сатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы шамамен 487-489 теңге, ал сату бағамы 492-495 теңге аралығында. Еуро 568-572 теңге шамасында сатылып жатыр.
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Астана қаласында доллардың сату бағамы орта есеппен 493-496 теңгені құрайды. Еуро бағамы 570 теңгеден жоғары деңгейде қалыптасқан.
Қаржы нарығындағы өзгерістерге байланысты валюта бағамдары күн ішінде бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Сондықтан айырбастау операцияларын жүргізер алдында нақты бағамды тексеру ұсынылады.