Қырғызстан парламентінің депутаттары «Азаматтық хал актілері» туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша бала тек ата-анасының бірінің ғана тегін ала алатын. Жаңа бастама бойынша балаға әкесі мен анасының тегін қатар беруге рұқсат етілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қосарланған фамилиялар арасына дефис қойылып, реттілігін (қайсысы бірінші тұратынын) ата-ана өзара келісіп, шешеді.
Қазақстан азаматтары Қырғызстаннан үй сатып ала бастады
Депутаттардың мұндай бастама көтеруіне тұрғындардың өтініші түрткі болған. Мысалы, бұған дейін бір отбасы баласына Титов-Хан деген қосарланған тек бермекші болғанда, АХАТ (ЗАГС) органдары заңға сүйеніп, одан бас тартқан. Егер жаңа заң жобасы қолдау тапса, мұндай мәселелер шешімін таппақ.