• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:56

Түркістанда кортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Түркістанда полиция қызметкерлері той кортежіне қатысқан бірнеше автокөлік жүргізушісін тоқтатты. Олар көшелерде қауіпті маневрлар жасап, көлік қозғалысына кедергі келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құқық бұзушылықтар бойынша BMW, Toyota және Mercedes-Benz көліктерінің жүргізушілеріне қатысты жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау және маневр жасау талаптарын сақтамау деректері бойынша заң аясында шара қабылданды», делінген құқық қорғау органының хабарламасында.

Алматыда автокортеж ұйымдастырған 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды

Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция көлік жүргізушілеріне жауапкершілік танытып, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылған болатын. Тексеру барысында мемлекеттік тіркеу нөмірлері талапқа сай орнатылмаған көліктер анықталып, айыптұрағына қойылды. 

Соңғы жаңалықтар