Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырудың расталған жағдайларының саны 808-ге жетті. Тағы 192 науқас көз жұмды. Бұл туралы елдің Ұлттық денсаулық сақтау институты мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сонымен қатар Конго елінде 50-ден астам адам бұл қауіпті дерттен айығып шықты.
Эбола вирусының таралу қаупі жоғары 10 ел аталды
Эпидемияның негізгі ошағы – елдің шығысындағы Итури провинциясы. Мұнда тіркелген жағдайлар жалпы сырқаттану көрсеткішінің 90%-дан астамын құрайды.
Жағдайды күрделендіріп отырған тағы бір мәселе – індетті жұқтырған азаматтардың медициналық көмекке жүгінбеуі және олармен байланыста болғандарды анықтау.
Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Сондай-ақ вирустың таралуын тежеуге медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар мен өңірдегі жалғасып жатқан қарулы қақтығыстар кедергі келтіріп отыр.
Бұған дейін Конгода қауіпті вирус жұқтырғандар саны 782-ге жеткені туралы туралы хабарланған еді.