• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол Бүгін, 15:49

Бүгін Дастан Сәтпаев «Қайрат» жейдесіндегі соңғы матчын өткізеді

Бүгін «Қайрат» футбол клубының түлегі, ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев алматылық клуб сапында соңғы ойынын өткізеді. Ол лондондық «Челси» командасына ауысар алдында «Қызылжарға» қарсы матчта алаңға шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» клубы бүгін сағат 19:00-де өз алаңында «Қызылжармен» кездеседі. Клубтың мәліметінше, ойыннан кейін Алматының Орталық стадионында Дастан Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді.

«Біздің түлегіміз үшін бұл кездесу лондондық «Челсиге» ауысар алдындағы «Қайрат» сапындағы соңғы ойыны болмақ. Бұл түлегімізді сары-қара жейдеде соңғы рет көріп, оның мансабындағы жаңа кезеңге шығарып салудың соңғы мүмкіндігі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, лондондық клуб өткен жылы Дастан Сәтпаевты 4,3 миллион еуроға сатып алған болатын. Тараптар бес жылдық келісімшартқа қол қойған. Оның 2,4 миллион еуросы бірден төленсе, тағы 1,9 миллион еуросы әртүрлі бонустар түрінде төленбек.

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Бұл келісім ел футболының тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр.

Еске сала кетейік, алдағы маусымда Дастан Сәтпаев өз мансабын лондондық «Челси» сапында жалғастырады. Жаңа маусымда «Челси» клубын Хаби Алонсо баптайды.

Соңғы жаңалықтар