Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады, деп жазады Egemen.kz.
Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:
жеке куәлік; ҰБТ сертификаты; 3х4 көлеміндегі фото; орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом; жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар; B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.Білім гранты берілді
Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-дағы қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ аясында талапкерлер тестілеуді 236 мыңға жуық рет тапсырды. Тестілеудің бес апталық қорытындысы бойынша талапкерлердің 67 пайызы шекті балл жинады.